Сәтбаев университетінде Еурокодтар мен ұлттық стандарттарды құрылыста қолдану жөнінде семинар өтті
7 ақпанда Т.К. Басенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институты базасында «ҚР аумағындағы құрылыста Еурокодтар мен ұлттық стандарттарды құрылыста қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды ҚР ұлттық стандарттарын әзірлеуші сарапшылары, ҚазҚСҒЗИ АҚ-ның қызметкерлері – нормативтерді әзірлеу орталығының директоры, профессор Р.Ж.Шарипов және нормативтерді әзірлеу орталығының сарапшысы, профессор Д.И.Есенберлина өткізді. Аталған іс-шараға «Құрылыс» және «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандықтарының 3, 4-курс студенттері, 1, 2-курс магистранттары, «Құрылыс және құрылыс материалдары» мен «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар барысында Еурокодтарға сәйкес ҚР құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау мәселелері, ҚР ҚН-на көшу кезеңдері талқыланды.