12 қараша 2018 4979

Сәтбаев университетінде «ЕвроХим» байқауының іріктеу чемпионаты өтеді

Сәтбаев университетінде «ЕвроХим» байқауының  іріктеу чемпионаты өтеді

Үстіміздегі жылы 6 желтоқсанда Сәтбаев университетінде (Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, ТКМК, 265-ауд., сағ. 16.00) АҚ «МХК ЕвроХим» байқауының кейс бойынша «Тау-кен ісі» лигасының V кезеңдік іріктеу чемпионаты өтеді.

Чемпионаттың мақсаты – «ЕвроХим» бойынша мақсатты түрде таңдап алынатын студенттердің кәсіби дайындығының деңгейін арттыру, сондай-ақ бейінді жоғары оқу орындарының да келешегі зор студенттерін жақсы жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру.

Іріктеу кезеңіне қатысатын командалар «ЕвроХим» компаниясының кейсін тауып алулары керек. Ал олардың шешімдерін «ЕвроХим» компаниясының өкілдері мен Сәтбаев университетінің профессорлы-оқытушылар құрамынан жиналған әділ қазылар алқасы бағалайтын болады. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары 2019 жылы Мәскеу қаласында өтетін финалдық чемпионатқа қатысып, біздің оқу орнының абыройын қорғайтын болады. Әзірге жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, «ЕвроХим» кәсіпорындарында практикадан өтуге және компанияның жыл сайын Сочида өтетін Жас мамандар слетіне қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ «Тау-кен ісі» лигасының жеңімпаздары 2019 жылы «CASE-IN» Халықаралық инженерлер чемпионатының жеңімпазы атанады.

Чемпионат бойынша барлық сұрақтарға куратор, «Тау-кен ісі» кафедрасының лекторы  Бахмағамбетова Гүлнара Бахтияровна жауап береді. ТКМК, 109-каб., тел. +7(727) 2577980, 87017584353.

«ЕвроХим» байқауының кейс бойынша чемпионаты 2014 жылдан бастап, негізінен төрт сала бойынша өткізіледі: «Тау-кен ісі», «Логистика», «Минералды тыңайтқыштар», «Сатылымдар». Ал чемпионаттың іріктеу кезеңдері 19 жоғары оқу орнында өтеді. Атап айтқанда:

  • Волгоград мемлекеттік аграрлық университеті
  • Иванов мемлекеттік химия-технологиялық университеті
  • И. Т. Трубилин атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университеті
  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
  • Мәскеу политехникалық университеті
  • «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті
  • Император Александр I Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті 
  • Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университеті
  • Ростов мемлекеттік қатынас жолдары университеті
  • Санкт-Петербург тау-кен университеті

Анна Розе, жоба жетекшісі, +7 (499) 218 88 88 доб. 2329, +7 977 302 3320, roze@fondsmena.ru

Алёна Гинс, жобаның пресс-секретары, +7 (922) 223-37-89, pr@fondsmena.ru

«Надежная смена» қорының сайты

«ЕвроХим» кейс бойынша чемпионатының беті

ВКонтакте

Facebook

YouTube

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту