Сәтбаев Университетінде ғылыми мақалаларды жариялауға арналған Wiley баспасының семинары өтті
Осы жылы 10 ақпан күні Сәтбаев Университетінің Ғылыми кітапханасында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруына конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес Wiley журналдарында мақалаларды қалай жариялау керек» атты семинар өтті.
Аталмыш іс-шара ғылыми мақалаларды басып шығару және ол үшін ғылыми журналдарды таңдау жөніндегі бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақалаларды жариялаудың конкурстық құжаттамасының талаптары, жарияланатын мақалалардың мазмұны мен олардың мерзімдері жөніндегі ұсыныстар бойынша өткізілді.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне арналған бұл шараны Wiley баспасының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі аймақтық өкілі Айман Әшімханова өткізді.
Сәтбаев Университетінде Wiley баспасының журналдарына тесттік қолжетімділік бар екенін естеріңізге саламыз.
Wiley халықаралық баспасы – әлемдегі ең ірі академиялық баспалардың бірі. Бұл қазіргі ғылым мен білімнің барлық салалары туралы толық мәтінді ғылыми мақалаларды басып шығаратын көп салалы баспа. Журналдың ағылшын тіліндегі толық мәтіндеріне қолжетімділік Wiley Online Library платформасында қамтамасыз етілген
Жойылып қалған бұрынғы қолжетімділікке қайтадан пароль мен логин алу үшін, мына электрондық поштаға өтініш жіберу керек: a.uteulova@satbayev.university, міндетті түрде аты-жөні мен электрондық поштасын (мүмкіндігінше корпоративтік) көрсетуі керек.