Сәтбаев Университетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Ұлттық мереке «Республика күні» қарсаңында қоғамдық пәндер кафедрасы осы оқиғаның маңызды рөлін атай отырып және жастарымыздың бойында патриоттық рухты дамыту мақсатында кеңейтілген кафедра мәжілісі мен «Егемендік – тәуелсіздіктің бастауы» атты тақырыпта, оффлайн және онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бахыт Жәутіков, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Мансұр Әлімханов, Е.Түркебаев атындағы жобаларды басқару институтының директоры Бахытжан Амралинова және шақырылған қонақтар: ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі профессор Ханкелді Әбжанов және Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Болат Қабдөшев сөз сөйледі.
Сонымен қатар, оқытушылар Мейрам Сарыбаев, Тәуекел Оспанов, Ермахан Қалмырзаев және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті Юсуф Арапбай, «Электр техникасы және автоматтандыру» мамандығының 1 курс студенті Олжас Арғынбай баяндама оқыды.
Соңында дөңгелек үстелдің модераторы қауымдастырылған профессор Досалы Салқынбек қорытындылап, университет басшылығына, қонақтарға, қатысушылар мен тыңдаушыларға алғысын білдірді.