26 желтоқсан 2022 2986

Сәтбаев Университетінде «Келешектің бизнес үздіктері» атты стартап-форум өтті

Сәтбаев Университетінде «Келешектің бизнес үздіктері» атты стартап-форум өтті

Әйгілі Политехта «Келешектің бизнес үздіктері» атты стартап-форум өтті, оны Сәтбаев Университеті мен Алматы қалалық Білім басқармасының «Алматы дарыны» талантты балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Танымал кәсіпкерлер болашақ бизнес үздіктерін қолдау мақсатында форумға қатысты.

Форум жәрмеңке түрінде өтіп, онда мектеп оқушылары мен студенттер өздерінің стартап жобалары мен жаңа идеяларын қалың жұртшылық пен кәсіпкерлер назарына ұсынды. Қатысушылар өздерінің жасаған жобаларын көрсетті, бұл жобалар заманауи адамның өмір сүру сапасын жақсартып, оған 7 бағыт бойынша жаңа перспективалар ашатыны туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда:

  •  «Эко – аллея» – экология;
  • «Ғылым әлемін ашамыз» –  физика, техника, наука;
  • «Ғылым ғажайыптары» –  химия, биология;
  • «Тарихи жолдар» – туризм;
  • «Transport Innovations» –  көлік және логистика;
  • «Әлемді өзгерткен ғылым» – IT;
  • «Roboland» – робототехника. 

Кәсіпкерлердің ойынша ең үздік аталған жобаларға сертификаттар беріліп, алдағы уақытта олармен ынтымақтастық қарым-қатынас жасалады.

Студенттер форумға белсенді түрде қатысып, «Quiz» ойынын ұйымдастырды. Ал Сәтбаев Университетінің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров стартап-форум жеңімпаздарын естелік сыйлықпен марапаттады.

Қазақстанның дарынды жастарына қолдау көрсету – Сәтбаев Университетінің атқарып отырған маңызды қызметінің бір бағыты болып табылады.

Күнделікті өмір сапасын жақсартатын техникалық жетістіктерді насихаттау жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыра отырып, ғылымды жаңа қырынан ашып келеді. Техникалық ғылымдарға қызығушылық танытып отырған бизнес көшбасшылары мен талантты кәсіпкерлер Қазақстанның экономикасын өркендетуге септігін тигізе алады. Бұл бәріміз үшін ең тамаша нәтиже болмақ!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту