12 наурыз 2019 2631

Сәтбаев университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

Сәтбаев университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге ере келген мереке тұсында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концертте университеттің нәзік жанды ұстаздары мен қызметкерлері көрермен болып, Студенттік шығармашылық орталығының өнерпаздары ән шырқап, би биледі.

Концерттік бағдарлама ана туралы әннен басталып, ана туралы әнмен аяқталды. Жырақта жүріп аналарын сағынған студенттеріміздің жүректеріне қуанышты сезім орнатып, көңілдерін бір саябырсытқандай болдық. Концерт басталғанға дейін мәжіліс залы фойесінде фольклорлық ансамбль қазақ күйлері мен тематикалық әуендерді әуелетсе, концерке келген нәзік жандар пресс-қабырғаның жанына фотосуретке түсіп, мәре-сәре болып жатты. Мерекелік концерттің керемет нақышта өткені соншалық, жиын бітісімен ұстаздарымыз алған әсерлерімен бөлісті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту