Ақпарат:

4 қазан 2022 4085

Сәтбаев Университетінде Қоғамдық қабылдау орны ашылды

Сәтбаев Университетінде Қоғамдық қабылдау орны ашылды

Қоғамдық қабылдау орны – тұрғындарға кеңес беріп, мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәселелерді жедел шешуге көмектесуге арналған әлеуметтік маңызы бар жоба.

Сәтбаев Университетінің қоғамдық қабылдау орны мемлекеттік органдарға өтініш беру процесін жеделдетіп, әрі жеңілдете отырып, өз құзыретіне тән мәселелерді шешеді.

Қабылдауға келу үшін, алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Азаматтардың жазбаша немесе ауызша түрде жолданған өтініштерін қабылдау орнында отырған тұлғалар өздерінің кезекшілік кестесіне сәйкес қарайды. Ал жеке қабылдауға барғысы келетін азамат өзінің жеке куәлігін көрсетеді. Азаматтар қабылдауға кезек бойынша шақырылады.

Егер де жеке қабылдау кезінде азаматтың көтерген мәселелері университет құзыретіне кірмейтіні анықталса, онда азаматқа қайда және қандай тәртіппен жүгінуі керектігі түсіндіріледі. Жеке қабылдаудан басқа университет Ректор блогы және университеттің SU Solution мобильді қосымшасы арқылы да азаматтардан өтініш қабылдайды.

Сәтбаев Университетінің Қоғамдық қабылдау орны жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, Университеттің Бас оқу ғимараты, 1-қабат.

Email: m.beissova@satbayev.university

Ректор блогы

SU Solution мобильді қосымшасын жүктеу.

App Store

Google Play

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту