Сәтбаев Университетінде командалық шексіз жұмысты дәріптейтін Decentrathon 2.0 хакатоны басталды
Елімізде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Decentrathon 2.0 атты ең ірі көп локациялы хакатон басталды. Биыл хакатонға 3000-ға жуық адам қатысуда – яғни, республиканың 19 қаласынан 1605 команда бірігіп, ақпараттық технологияларға құмар барлық жастарға Қазақстанда блокчейн, жасанды интеллект пен ақпараттық ойындардың дамуына үлес қосуға бірегей мүмкіндік беріп отыр.
Decentrathon 2.0 марафоны – бұл Қазақстанның әртүрлі аймақтарында, әртүрлі қалалары мен университеттерінде онлайн және офлайн режимде бір уақытта өтетін инновациялық хакатон форматы. Еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар командамен және өз алдына жеке түрде жұмыс істеп, 50 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры мен халықаралық компаниялармен ынтымақтасу мүмкіндігі үшін бәсекеге түседі.
Хакатонның басты ерекшелігі – үлестірілген жұмыс болып табылады: қатысушылар таланты мен табандылығынан басқа ешнәрсемен шектелмейді, әрі олар тәлімгерлермен және сарапшылармен онлайн түрде өзара байланыса алады. Осы тәсіл арқылы Decentrathon 2.0 аймақтық таланттарды ойынға тарту және бүкіл ел бойынша технологиялық экожүйені дамытуды ынталандыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.
– Инженерлер мен келешегі зор таланттар маңызды мәселелерді шешу үшін жиналғанда үздік технологиялық идеялар туады», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ойынның ашылу салтанатында. – Decentrathon – бұл елдің технологиялық әлеуетін дамыту үшін өзінің маңыздылығын дәлелдейтін аймақтағы ең ірі көп локациялы хакатон.
Хакатонның бірінші күні қатысушылар тапсырмалар алып, ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, жобаларын әзірлеуге кірісті. Екінші күні олар тапсырмаларды орындауды жалғастырады және мансап туралы виртуалды жәрмеңкеге қатысады, онда олар ірі IT-компаниялардың өкілдерімен тікелей тілдесіп, жоғары технологиялар саласында мансап құру мүмкіндігіне ие болады. Ал бірнеше аптадан кейін әзірленген жобалар тиісі бағасын алып, жеңімпаздар анықталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан IТ саласы дамыған елге және аймақтағы технологиялық көшбасшыға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Decentrathon 2.0 сәтті үлестірілген білім мен шексіз ынтымақтастық байланыс Қазақстанның инновациялар мен IT индустрия саласында көшбасшы атануының кілті екенін дәлелдейді.