25 сәуір 2019 4238

Сәтбаев университетінде қос мерейтойға арналған волейбол біріншілігі өтті

Сәтбаев университетінде қос мерейтойға арналған волейбол біріншілігі өтті

Академик Қ.И. Сәтбаевтың 120 жылдық және Satbayev University 85 жылдық мерейтойларын тойлауды университеттің спорттық клубы 19 сәуір күні студенттер мен магистранттар арасында волейбол біріншілігін өткізумен аяқтады. Жарысқа университеттің 12 командасы қатысты. Командалар студенттер қызығушылықтары бойынша кұрамында 4 жігіт пен 2 қыздан, 6 қосалқы ойыншыдан құрылды. Нәтижесінде Сәтбаев университеті волейбол біріншілігінің үздігі болып «Жастар» командасы топ жарып шықты. Жарыс кезінде көзге түскен үздік волейболшылар: Оразбай Азамат, Шахмұрат Даурен, Қалимолдаев Біржан, Батталов Тимур, Ашимов Нұржан, Манапова Сабина, Исихан Айгерім, Торалиева Ақбаян, Тоқай Айжан, Фархатқызы Клара. Үш үздік команда кубоктармен, майкалармен, медальдармен, дипломдармен, естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жарыс қорытындылары:

1-орын  – «Жастар»;
2-орын – «Кузбасс»;
3-орын – «Легионер».

Сәтбаев университетінде қос мерейтойға арналған волейбол біріншілігі өтті

Сәтбаев университетінде қос мерейтойға арналған волейбол біріншілігі өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту