Сәтбаев университетінде қызметкерлер үшін тағы бір жайлы бұрыш ашылды
![Сәтбаев университетінде қызметкерлер үшін тағы бір жайлы бұрыш ашылды](/file/2024/12/11/f8502e/_793-446.jpg)
Сәтбаев университеті өз қызметкерлері үшін жақсы жағдай жасауды жалғастыруда: университетте техникалық қызметкерлер жұмыстан кейін демалуға және киім ауыстыруға қолайлы жаңа демалыс орны ашылды.
Мұнда асхана, ортақ кеңістік және құрал-жабдықтар бұрышы бар, олар сөрелерге Kaizen жүйесі бойынша орналастырылған, ал қабырғаларда жұмысқа шабыт беретін жазулар мен үздік қызметкерлердің фотосуреттері ілінген.
– Еңбек табысты болу үшін жұмыс пен демалыс арасында тепе-теңдік болуы керек екенін біз түсінеміз, – деді университет ректоры Мейрам Бегентаев ашылу салтанатында, – сол үшін бүгін, міне, жұмыстан шаршаған уақытта демалып, күш-қуат жинап, қайтадан қалыпқа келтіретін жаңа, жайлы орын ашылып отыр.
Сәтбаев Университеті тұрақты даму қағидаттарын біртіндеп университеттің күнделікті өміріне жүйелі түрде енгізуде. Дәліздерде ауыз су бұрқақтары орнатылған, қоқыс қалдықтарын бөлек жинайтын орын бар, сондай-ақ университетте қағаз бен пластик қалдықтарын жинау бойынша арнайы бағдарламалар бар.
Жаңа орын – Сәтбаев университетінің инновациялық және университеттік тұрақты ортаны қалыптастыру жолындағы кезекті қадамы, бұл үлкен жетістіктерге шабыттандыратыны сөзсіз.