Ақпарат:

3 сәуір 2018 10608

Сәтбаев университетінде «Математикалық экономика» бағдарламасы ашылды

Сәтбаев университетінде «Математикалық экономика» бағдарламасы ашылды

Сәтбаев университеті жанынан ашылған New School of Economics үш мамандық: «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Экономика» және «Қаржылар» мамандықтарын біріктіру негізінде жасалған бағдарлама ұсынады.

Бұл Қазақстан үшін бірден-бір тамаша бағдарлама болып табылады. Бағдарлама экономиканың жоғары сатысында қызмет ететін қаржылық сараптамашылар мен басшыларды даярлайды. Бағдарламада ағылшын тілін тереңдете оқыту қарастырылған.

«Математикалық экономика» бағдарламасын бітіріп шыққан түлек қазіргі заманғы математикалық аппараттарды меңгеріп, оларды әртүрлі экономикалық және қаржылық мәселелерді шешуге қолдана алатын болады. Түлектің бұл тамаша білімі оған экономиканың нақты секторындағы ірі-ірі компаниялардың зерттеу бөлімдерінде, сақтандыру компанияларында, консалтингте, инвестбанкте және отандық банк секторында қызмет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар түлектер жетекші отандық және шетелдік компанияларда қызмет ете алады. Түлектер еңбек ете алатын мемлекеттік органдар қатарында ірі-ірі орталық банктер, Қаржы министрлігі мен осыған бейінді басқа да министрліктер бар. Бұл бағдарлама бойынша бакалаврды бітіріп шыққан студенттер әрі қарай магистратура мен докторантураны (PhD) экономика, математика және статистика мамандықтары бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында жалғастыра алады. Одан әрі академиялық мансабын жетілдіру түлектерге оңайға соғады, өйткені олар «Математикалық экономика» бағдарламасы бойынша экономика ғылымының зерттеу негіздерімен толық танысып шығады.

Толық ақпарат мына сайтта: www.nse.kz.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту