Ақпарат:

12 қараша 2024 536

Сәтбаев Университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды

Сәтбаев Университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды

Сәтбаев Университетінің 90 жылдық мерейтойын салтанатты түрде мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында университетте жаңа жоғары технологиялық FabLab SU орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл жерде студенттер, ғалымдар мен тәжірибелі инженерлер заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, өздерінің ең мықты идеяларын жүзеге асыра алады.

Жаңа зертхана 3D принтерлермен, ЧПУ станоктарымен, сондай-ақ жобалау мен модель жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған, ол Массачусетс технологиялық институтының стандарттарына негізделіп жасалған жаһандық FabLab зертханалар қауымдастығының бір бөлігі болып табылады, ал бұл қауымдастық дүние жүзі бойынша 2 мыңнан астам инновациялық орталықтарды біріктіреді.

Бұл көрнекті ұйымға кіру туралы келісімге Сәтбаев Университеті делегациясы MIT университетіне жасаған сапары барысында қол қойылған болатын, онда университет ректоры Мейрам Бегентаев пен Fab Foundation ұйымының негізін қалаушы және оның жетекшісі Шерри Ласситер өзара студенттермен және оқытушылармен алмасу, технологиялар трансферті және бірлескен ғылыми жобалар жасау туралы келісті.

– Студенттердің әзірлеген жобаларымен қатар біз олардың микроквалификацияларды меңгеріп шығуына да үлкен көңіл бөлеміз», – дейді MIT FabLab зертханасының басшысы Руслан Мұқанов. – Бұл дегеніміз – цифрлық жобалаушы-инженердің, реверс-инженердің және ЧПУ станоктары операторының кәсіби біліктілігі. Бізде оқу-жаттығуға арналған барлық құрал-жабдықтар бар.

Fab Labs зертханалары көбіне жобалау және практикалық STEM-білім беру платформасы ретінде жиі пайдаланылады. Желі бүкіл әлем бойынша инженерлер мен өнертапқыштар арасында өзара білім алмасуды қолдау арқылы инклюзивті дамуға белсенді түрде ықпал етеді. Студенттер өздерін қызықтыратын объектілерді құру, идеядан бастап, оны іске асыруға дейінгі бүкіл өндірістік циклды өткеру және содан практикалық терең білім алу арқылы оқып үйренеді.

Сәтбаев Университетінде зертхананың ашылуына Қазақстанда бірегей техникалық кеңістік құрған Lenovo, KazTechInnovations және Best Vision Technologies секілді көптеген жетекші компаниялар атсалысты. Зертханаға Қазақстандағы ең ірі 3D-принтері, үшөлшемді сканер жасауға арналған жабдық, прототип жасауға арналған толық технологиялық желі және DMG MORI компаниясының бірегей өңдеу орталығы орнатылған. Осының барлығы зертхананы тек оқу мақсатында ғана емес, нақты өндірістік тапсырмалар мен коммерциялық жобаларды іске асыру үшін де пайдалануға септігін тигізе отырып, оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ал жаһандық қауымдастықпен араласу бүкіл әлеммен инновациялық идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, Сәтбаев Университетінің FabLab зертханасы барлық келушілерге әрдайым ашық, ол Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бүкіл дарынды жас инженерлерге кеңістік пен мүмкіндіктер беруге үнемі дайын. Қазірдің өзінде FabLab алаңында оқушыларды оқытуға мүдделі екенін білдірген Алматы мектептерімен келісімдер жасалды.

Ал Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өз сөзінде MIT-пен арадағы ынтымақтастық қарым-қатынас біздің университетке «зерттеу жүргізе отырып оқыту» қағидатын толықтай жүзеге асыруға көмектесетінін және тұрақты болашақ құру үшін зерттеушілер мен өнертапқыштардың күш-жігерін біріктіре отырып, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Сәтбаев Университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды

Сәтбаев Университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту