3 желтоқсан 2019 2963

Сәтбаев университетінде профессоры Александр Сладковски дәріс оқыды

Сәтбаев университетінде профессоры Александр Сладковски дәріс оқыды

Техника ғылымдарының докторы, Силез техникалық университеті (Польша) «Логистика және көліктік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Александр Сладковски Сәтбаев университетінде бірнеше дәрістер оқыды.

Профессор Александр Сладковски – бірқатар ғылыми-техникалық қоғамдардың мүшесі, бірнеше халықаралық ғылыми конференциялардың үйлестірушісі, төрағасы және төраға орынбасары болып табылады, сонымен қатар көптеген конференциялардың бағдарламалық және ғылыми комитеттерінің құрамына кіреді.

Профессор студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арнап «Трибоника негіздері және майлау материалдары», «Технологиялық машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсетудің және жөндеудің заманауи мәселелері» пәндері бойынша дәрістер оқыды. Сәтбаев университетінде студенттерге дәрістер оқумен қатар, профессор жұмыстарын өзі басқаратын докторанттар үшін бірнеше кеңес сағатын өткізді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту