Сәтбаев Университетінде Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қоғамдық пәндер кафедрасы осы мерекенің маңызды рөлін атай отырып және жастарымыздың бойында патриоттық рухты дамыту мақсатында «Республика күні – басты ұлттық мереке» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиында Сәтбаев Университетінің профессоры Досалы Салқынбек, аға оқытушы Ермахан Қалмырзаев, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Қабдөшев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Еркін Ермұханов сөз сөйледі.
Жиын соңында дөңгелек үстелдің модераторы аға оқытушы Тұрлыбек Тумабаев қорытынды жасап, университет басшылығына, қонақтарға, қатысушылар мен тыңдаушыларға мол алғыс білдірді.