19 желтоқсан 2024
2928
Сәтбаев Университетінде республикалық ғылыми жобалар конкурсының екінші кезеңі өтті
![Сәтбаев Университетінде республикалық ғылыми жобалар конкурсының екінші кезеңі өтті](/file/2024/12/19/b8d3cd/_793-446.jpg)
Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Сәтбаев университетінің базасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің екінші турын өткізді.
Тестілеуге Алматы қаласының 9-11 сыныптарының 300-ден астам оқушысы қатысып, олар 19 түрлі секцияға бөлініп, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұрақтарға жауап берді.