17 қазан 2017 3104

Сәтбаев университетінде «Сәттілік зертханасы» ашылады

Сәтбаев университетінде «Сәттілік зертханасы» ашылады

2017 жылы 18 қазанда жұмыс іздеушілерге арналған ТМД елдері арасындағы ең ірі HeadHunter компаниясы Satbayev Universityмен бірлесе отырып, «Сәттілік зертханасы» атты жобаны іске қосады. Жобаның мақсаты – қазақстандық студенттерді жоғары оқу орнын бітірісімен сәтті түрде жұмысқа орналасуға дайындау.

Жоба барысында өтетін шеберлік сағаты аясында тыңдаушылар жұмысқа тұруға көмектесетін маңызды шарттармен танысып, тәжірибе жинақтайды, атап айтқанда: түйіндемені дұрыс толтыру, сұхбаттасудан сәтті өту, жоғары дәрежелі іскерлік қарым-қатынас пен тайм-менеджмент және т. б. Шеберлік сағаттары әрбір сәрсенбі күндері Сәтбаев университетінде өтеді. Сонымен қатар бұл жобаға елге танымал ірі-ірі компаниялардың басшылары мен hr-менеджерлері қатысады. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, жаңа тәжірибелік әдістемеге қатыса алады.

«Сәттілік зертханасы» – Қазақстанды толық қамтитын әлеуметтік жоба. Ол жұмысқа тұрғысы келетін кез келген адамға арналып, оған бағыт-бағдар сілтейді. Ал шеберлік сағаты әлеуметтік желілерге тікелей эфир арқылы таралатын болады және ол туралы бейнебаян интернетте жарық  көреді.

Бірінші шеберлік сағатын «Түйіндемені қалайша дұрыс толтыру керек» деген тақырыпта HeadHunter компаниясының менеджері Сұлтанхан Абдрахманов жүргізеді. Оның бағдарламасы:

  • Лауазымды орындарға қызметкерлер таңдайтын менеджер қандай шартқа көбірек назар аударады
  • Түйіндеме толтырған кезде қарапайым қателерді жіберіп алмас үшін не істеу керек
  • Түйіндемеге қандай фото-сурет қою керек
  • Түйіндемеде жұмыс тәжірибесі туралы қалай жазу керек
  • Жеткен жетістіктері туралы қалай жазу керек
  • Ілеспе хатты қалай жазу керек
  • Ілеспе хатты қалайша дұрыс құрастыру керек.

Шеберлік сағатына қатысу үшін төмендегі электрондық мекен-жай бойынша тіркеліңіз және өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қойыңыз.

Шеберлік сағатының онлайн көрсетілімін әлеуметтік желілерден (Facebook және Вконтакте) және университет сайттарынан қарауға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту