27 желтоқсан 2021 3281

Сәтбаев университетінде сәулет және қала құрылысы мәселелеріне арналған пікір-талас клубы құрылды

Сәтбаев университетінде сәулет және қала құрылысы мәселелеріне арналған пікір-талас клубы құрылды

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Сәтбаев университетінің Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының шеңберінде институт директоры, ҚР құрметті сәулетшісі Болат Куспангалиевтің ұйымдастыруымен Халықаралық сәулет академиясының Қазақстандағы академиялық орталығы, ҚР сәулетшілер одағы, ҚР қала құрылысшылары одағы, ҚР дизайнерлер одағы, Алматы қаласының сәулет мектептерімен "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және сәулет-қала құрылысы саласында білім беруді дамытудың мәселелері мен болағашы" бойынша пікірталас клубының жиылысы өтті.

Кездесу барысында Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Куспангалиев дөңгелек үстелдің қатысушылары мен тыңдаушыларын сәулет білімімен байланысты қала құрылысы мен аймақтық дамуды басқарудың қазіргі таңдағы өзекті сұрақтары мен мәселелерімен таныстырды. Кәсіби пікірталас жоғарыда аталған сұрақтармен байланысты «Сәулет» кафедрасында магистратура бойынша жаңа білім беру бағдарламасын ашуға және Қазақстанда қала құрылысы саласындағы сұрақтарды шешуге қосымша кездесулер мен талқылаулар жүргізуге тоқталды.

Барлық қатысушылар пікірталас клубының құрылуына және осындай шараларды тұрақты түрде жүргізуді толығымен қолдап, Сәтбаев университеті осы пікірталас клубының негізгі орны ретінде жүретінін бірауыздан мақұлдады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту