Сәтбаев Университетінде "Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша диссертациялық кеңесі ашылды
Құрылыс Қазақстанның дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Бұл экономикалық өсуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және елдің инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу, ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігін зерттеу инженерлер мен сәулетшілер үшін перспективалы бағыт болып табылады. Осыған орай, Сәтбаев Университетінде 2023 жылдың ақпан айында "Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша диссертациялық Кеңес ашылды.
Кеңес сәулет және құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдаумен және дамытумен айналысады және докторантураның "Сәулет және қала құрылысы" және "Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру"білім беру бағдарламалары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға мүмкіндік береді.
Кеңеске Қазақстан мен жақын шетелдің көрнекті ғалымдары кірді: профессор А.Ж. Әбілов, профессор У. Т. Бегалиев (Қырғызстан), профессор Е. Б. Өтепов. Кеңес төрағасы сәулет докторы, профессор, ҚазМААМ академигі Болат Құспанғалиев болды.
Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтында жаңа диссертациялық Кеңесінде алғашқы қорғау 2023 жылдың 21 маусымында өтті. Сатбаев Университетінде "Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру" бағдарламасы бойынша оқыған және профессор Қ.Ақмалайұлының жетекшілігімен диссертациямен жұмыс істеген Айнұр Джетписбаева "Кешенді химиялық қоспасы бар ұсақ – түйіршікті өзін- өзі нығайтатын бетон" тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
Айнұр Джетписбаеваны табысты қорғаумен, институт ұжымын диссертациялық кеңестің ашылуымен құттықтаймыз. Әрі қарай ғылыми жетістіктер тілейміз!