16 қыркүйек 2022 2477

Сәтбаев Университетінде шақырылған профессорлардың дәрістері басталды

Сәтбаев Университетінде шақырылған профессорлардың дәрістері басталды

Satbayev University-не «Шақырылған шетелдік ғалымдар» бағдарламасы бойынша келетін әлемнің үздік университеттерінің профессорларын қарсы алды.

Университетке еуропалық жоғары оқу орындарының ғалымдары – Адам Мицкевич атындағы университеттің (Польша) профессоры Агата Дучмаль-Черникевич және Деггендорф технологиялық институтының (Германия) профессоры Дмитрий Рычков келді.

Бағдарлама аясында профессорлар Satbayev University студенттері мен оқытушылары үшін дәрістер, мастер-класстар мен тренингтер өткізеді, сондай-ақ біздің профессорларымызбен бірге жарияланымдар үшін ғылыми мақалалар дайындауға қатысады.

Қонақтар Тянь-Шань тауларында теңіз деңгейінен 3340 метр биіктікте орналасқан Физика-техникалық институтының биік таулы Ғарыштық сәулелер ғылыми станциясына барды. Профессорлар біздің ғалымдарымыздың жұмысымен танысып, алдағы ынтымақтастық туралы келісті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту