Сәтбаев университетінде «Шиеленістер және одан шығудың жолдары» семинар-тренинг өтті
2017 жылғы 18 қазанда А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасында өткен кезекті семинар-тренинг «Шиеленістер және одан шығудың жолдары» тақырыбына арналды. Семинарды аталмыш кафедра меңгерушісі А. Ақатаева мен профессор Н. Зыкина өткізді.
Жиынға қатысушы студенттер медиацияның не екенімен және сондай-ақ Джон Бертонның шиеленістің танысып, жұмыста шиеленіс жағдайында және күнделікті өмірде кездесетін талас-тартыс, дау-дамай кезінде медиацияны қалай қолдануға болатынын үйренді.
Тақырып жан-жақты ашылып, тыңдаушыларға түсінікті болу үшін, аудиторияда шиеленіске қатысты әртүрлі жаттығулар жасалып, оның шешілу жолдары студенттерге нақты түрде көрсетілді. Сөйтіп студенттер кез келген сәтте өте ұстамды болуға үйреніп, басқаның көзқарасымен санасу керек екеніне, қандай жағдай болмасын, әдептілік сақтау керек екеніне тағы да бір рет көз жеткізді.
Семинарға Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары, магистранттар және 2-курс студенттері қатысты. Іс-шара соңында тыңдаушылар баға жетпес құнды тәлім-тәрбие алып, білімдерін толықтырғаны үшін осы семинарды ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді.