5 маусым 2020 4625

Сәтбаев Университетінде "Сурет" және "Сызу" шығармашылық пәндері бойынша бітіруші сынып оқушыларына арналған Олимпиада өтті

Сәтбаев Университетінде "Сурет" және "Сызу" шығармашылық пәндері бойынша бітіруші сынып оқушыларына арналған Олимпиада өтті

2020 жылдың 19 сәуірі мен 18 мамыры аралығында Сәтбаев Университетінде оқушылар арасында "Сурет" және "Сызу" шығармашылық пәндер кешені бойынша Олимпиада өтті. Биылғы жылғы олимпиаданың ерекшелігі оның жаңа қашықтықтағы форматта өткізілгендігі болды.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 30-дан астам орта мектептері, лицейлері мен гимназияларының 11-сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылардан жеке тапсырманы алғаннан кейін берілген уақыт ішінде қашықтықтан өз бетінше жұмысты орындау талап етілді: "Сурет" пәні бойынша гипсті розетканың суреті және "Сызу" пәні бойынша көлемді пішіннің проекциясын құру бойынша сызба.

Барлық ұсынылған жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша Конкурстық комиссия келесі Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар беру туралы шешім қабылдады:

  • 1-ші орын, бірінші дәрежелі Диплом - Гимаденова Ажар Даулетовна
  • 2-ші орын, екінші дәрежелі Диплом-Ершат Ботагоз Бауыржанқызы
  • 3-ші орын, үшінші дәрежелі Диплом-Мұрат Айкөркем Ғалымқызы

Қалған барлық балалар олимпиадаға қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

Жеңімпаз дипломының және Олимпиада қатысушысы сертификатының иегерлері Сәтбаев Университетіне "Сәулет және дизайн" білім беру бағдарламасына қабылданғанда басым құқыққа ие болады.

2020 жылғы шығармашылық Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және ҰБТ мен қабылдау емтихандарын табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз!

Сәтбаев Университетінде күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту