Ақпарат:

3 наурыз 2022 2707

Сәтбаев Университетінде Тау-кен металлургия институты Мамандық кеңесінің бірінші отырысы өтеді

Ағымдағы жылғы 4 наурыз күні сағат 10:00-де онлайн/офлайн форматта Сәтбаев Университетінде Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты Мамандық кеңесінің жұмыс берушілермен бірлескен алғашқы отырысы өтеді. Отырысқа

«Республикалық тау-кен металлургиялық кен байыту кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары Мұханов Төлеген Мұханұлының қатысты.

Мамандық кеңесі отырысының мақсаты – Қазақстан Республикасы тау-кен металлургия кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру.

Күн тәртібінде:

1. Ө.А. Байқоңыров атындағы ТКМИ-ның білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарларына (ОЖЖ) өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды Мамандықтар кеңесі мүшелеріне өндіріс орындарынан түскен ұсыныстар негізінде қарастыру және бекіту;

2. Студенттер өндірістік практикасын сапалы түрде өтуі және оларды кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру мәселелерін қарастыру;

3. Кәсіпорындарда кафедралар филиалдарын ашу;

4. «Республикалық тау-кен металлургиялық және кен байыту кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының бірінші орынбасары Мұханов Төлеген Мұханұлының келесі тақырыптар бойынша баяндамасы:

  • Тау-кен металлургия және көмір өндіру саласының жағдайы;
  • Өндіріс және экспорт; 
  • 2030 ж. дейінгі көмір қолданысының балансы және декорбанизация;
  • Жобалар бойынша жол картасы;
  • Экологиялық кодекс;
  • Кен туралы кодекс;
  • Техникалық реттеу.

Мамандық кеңесінің отырысына өндіріс саласының өкілдері қатысады, атап айтқанда:

  • «Қашар рудасы» АҚ,
  • «АК «Алтыналмас» АҚ,
  • «Казкобальт» БК,
  • «КазФерроСталь» ЖШС,
  • «Kazminerals» ЖШС;
  • «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС,
  • «Семізбай- U» ЖШС,
  • «Қазақстандағы Leica Geosystems» ЖШС,
  • «Қазфосфат» ЖШС,
  • «ГеоСтройИнвест» ЖШС,
  • «ДП «ОРТАЛЫҚ» ЖШС.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту