22 мамыр 2024 1833

Сәтбаев Университетінде Жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өтті

Сәтбаев Университетінде Жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өтті

Сәтбаев Университетінде Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау штабының ұйымдастыруымен Жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығулары өтті. Дайындыққа  студенттер мен қызметкерлер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай орын алған кезде қызметкерлер мен студенттердің әрекет етуге дайындығын тексеру, сондай-ақ тұрғындарды эвакуациялау және төтенше жағдайлар қызметімен өзара іс-әрекет дағдыларын жаттықтыру болды. Іс-әрекетті үйлестіру мен оның жылдамдығына ерекше назар аударылды, өйткені төтенше жағдайларда бұл – негізгі фактор болып табылады.

Барлық қатысушылар өздерінің жоғары дайындықтары мен қатаң тәртіпті көрсете отырып, берілген тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Ал ұйымдастырушылар барлық студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай дайындық өткізу маңызды екенін атап өтті, сонымен қатар іс-шараның сәтті өтуіне қатысқандары үшін оларға алғыс білдірді.

Сәтбаев Университетінде Жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өтті

Сәтбаев Университетінде Жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту