Сәтбаев университетінде жалпыхалықтық диктант жазылды
14.11.2018 күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен республика бойынша жалпыхалықтық диктант жазу шарасы ұйымдастырылған еді. Оның ерекшелігі – диктант алғаш рет қазақ тілінің жаңа әліпбиі – латын қарпінде жазылды.
Университет бойынша диктантқа қатысушылардың жалпы саны – 157, ал көрсеткіштері жағынан «5» – 32, «4» – 60, «3» – 65 болды.
Диктант жазып, жаңа әліпбиге қатысты өз сауаттылықтарын тексеру мақсатында университеттің академиялық істер жөніндегі проректоры Р.М.Искаков пен Базалық білім беру институтының директоры А.С.Саренова, профессорлар мен оқытушылар құрамы қатысты. Сонымен қатар диктант жазуға қызығушылық танытқан студенттер қатары да аз болған жоқ.
Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Біздің оқу орнымызда диктант жазу шарасы Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шараны ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі А.Үдербаев пен кафедра мүшелері белсене атсалысты.