Сәтбаев Университетінде жаппай диктант өтті
Тілдер күні мерекесі аясында Сәтбаев Университетінде қазақ тілінде жаппай диктант өтті.
Қазіргі таңда адам өміріне жаңа технологиялардың енуімен қатар сауатты жазудың рөлі артып келеді. Сондықтан да қазақ тілінде сауатты жазудың қажеттілігі мен маңыздылығын насихаттау, азаматтардың тілдік қарым-қатынасын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқу-жазуға ынталы жандардың басын қосу өте маңызды.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін университет диктант жазу шараларын ұйымдастырып, онда жастардың арасында қазақтілді жазушылар қауымын қалыптастыруға және олардың қазақ тілін жетік білетіндігі үшін мақтаныш сезімін оятуға мүмкіндік береді.
Диктант қатысушылардың сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге және Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасына көңіл бөлуге ықпал етті. Ал қатысушылар өздерінің сауаттылықтарын тексеріп, болашақта білімін жақсарту мақсатында оның нәтижелерін талдап-талқылауға мүмкіндік алды.