28 сәуір 2020 5797

Сәтбаев университетінде – жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкесі

Сәтбаев университетінде – жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкесі

Үстіміздегі жылы 15 мамыр күні Сәтбаев университеті жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бүкіл әлемде және елімізде орын алып отырған қиын жағдайға байланысты биылғы Бос орындар жәрмеңкесі алғаш рет онлайн түрде арнайы платформада өтеді. Сәтбаев университеті – Қазақстанда аталмыш іс-шараны осындай форматта жүргізейін деп отырған тұңғыш жоғары оқу орны.

Құрметті 3–4-курс студенттері! Үздік отандық және халықаралық компаниялар өкілдеріне өз түйіндемелеріңізді көрсету үшін Сіздерге тамаша мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ертерек тіркелуге асығыңыздар!

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу Сіздерге болашақта жақсы жұмысқа орналасу үшін ықтималды жұмыс беруші тестін тапсырып, алдын ала сұхбаттасу рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Тек 15 мамыр күні ғана Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды жетекші бизнес өкілдеріне қоюға мүмкіндік аласыздар.

Сайт жұмыс берушілер мен студенттер фильтр мен параметрлерді қолдана отырып, бір-бірін көре алатын және сол алаңда өзара әрекеттесе алатын етіп жасалған. Барлық шақырулар мен жауаптар қатысушылардың келісімі мен бас тарту мүмкіндігі негізінде жеке кабинеттерде жиналады, мұнда бірінші кезекте тараптар бір-бірімен байланыс телефондарымен алмасады және одан әрі байланыс жасау үшін ұсыныстар алады.

Сондықтан Сіз армандаған жұмыс орнына Сәтбаев университетінде өтетін Бос орындар жәрмеңкесі арқылы ие болу – әбден мүмкін және шынайы шындық!
 

Бірінші қадам:

Facultetus cайтына кіру керек. Осы платформада факультетке, курсқа және оқыту формасына сілтеме жасай отырып, цифрлі профиль орнатыңыз.

Екінші қадам:

Портфолио жасап, оны өзіңізді жеке кәсіби тұлға ретінде жан-жақты ашып көрсететін әртүрлі ақпараттармен толтырыңыз.

Үшінші қадам:

Ықтималды болашақ жұмыс берушінің жеке сұхбатқа шақыруын күтіңіз.


Биылғы Бос орындар жәрмеңкесіне Қазақстан Республикасының мынадай ірі-ірі компаниялары:

  • «ATI Group» ЖШС,
  • BI Group,
  • Hyundai Construction Equipment,
  • «Lukoil Kazakhstan Upstream» ЖШС,
  • «ПетроҚазақстан Кумколь Ресорсиз» АҚ,
  • BAZIS-A, SKYMAX TECHNOLOGIES,
  • «ЖШС Baker Hughes Services Internatuonal. Inc.»,
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ,
  • «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС,
  • «ҚАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС,
  • «Kaz Minerals» ЖШС,
  • «Kaz Petroluem Technology» ЖШС,
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ,
  • «Air Astana» АҚ,
  • «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ

және тағы басқа да көптеген компаниялар қатысады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту