Ақпарат:

12 қазан 2021 2957

Сәтбаев Университетінде жыл сайынғы міндетті медициналық тексеру өтуде

Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізу 2021 жылғы 11–15 қазан аралығында университеттің Медициналық орталығында (МУК) сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жүргізіледі. Медициналық тексерудің құны – 2000 теңге. Бұл сомаға мына қызмет түрлері кіреді:

  • Жаңа үлгідегі медициналық кітапша (16.11.2020 ж. №196/2020 бұйрық);
  • Флюорография (жылжымалы флюорографта);
  • Терапевттің бақылау кеңесі;
  • Жұмысқа рұқсат алу.

Медициналық кітапшасы жоқ қызметкерлерде 3x4 см көлеміндегі фотосуреті болуы керек. 2021 жылдың маусымынан кейін жергілікті емханада флюорографиядан өткен қызметкерлер сол тексерудің нәтижесін (суретін) ұсынуы тиіс. Бұл ретте жұмыс жасауға рұқсаты бар санитарлық кітапшаға флюорографияны қайта тіркеу профессор-оқытушылар құрамы үшін 2000 тг, ал әкімшілік қызметкерлер үшін 1500 тг тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқарушының 15.10.2020 ж. № 131/2020 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық тексерулерді өткізу қағидаларына сәйкес, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлер жылына бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту