26 желтоқсан 2018 3831

Сәтбаев университетіндегі «Шақырылған профессор» бағдарламасы

Сәтбаев университетіндегі «Шақырылған профессор» бағдарламасы

«Шақырылған профессор» бағдарламасының аясында PhD докторы, «University Sains Malaysia» профессоры  Мохаммад Насыр (Mohamad Nasir Bin Mohamad Ibrahim) мырза Сатбаев университетінде дәріс оқуға шақырылды. Ғылыми және білім беру қызметінің саласы - өнеркәсіптік химия, полимерлер және биоматериалдар, мұнай-газ ісіндегі химия. Профессор Мохаммад Насыр Миссури ғылым және технология университетінің (АҚШ) бакалавриатын (1994), магистратурасын (1997) және PhD (1999) бітірді. University Sains Malaysia оку орнында, ол химиялық технологиялық үдерістерде, химия өнеркәсібінде және полимерлі химияда жылу және масса алмасу процесстері бойынша авторлық арнайы курстарын жүргізеді. Сонымен қатар, профессор Мохаммад Насырдың өнеркәсіп саласында мол тәжірибесі бар: 8 ұлттық және 1 халықаралық жобаның жетекшісі, 19 ғылыми жобаның жауапты орындаушысы болды.

15 қараша мен 12 желтоқсан аралығында профессор Мохамад Насыр Химиялық және биологиялық технологиялар институтының магистранттары мен докторанттарына дәріс оқып, бакалаврларға кеңес берді, сондай-ақ, оқытушылар, зерттеушілер, магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми семинарлар өткізді.

«Органикалық заттар мен полимерлердің химиялық технологиясы» кафедрасы ұйымдастырған ғылыми семинарлар ерекше қызығушылық тудырды. Семинарларда «Application of Lignin in Industry» атты презентацияны ұсынған Мохаммад Насырмен қатар  Химия ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Бектұровтың «Макромолекулярлы нано нысандар» атты презентациясымен шақырылды. Семинарларда докторанттар өз зерттеулерінің нәтижелерін және шетелдік тәжірибе нәтижелерін ұсынған баяндамаларын тыңдады.

Біздің университеттеріміздің арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын дамыту мақсатында Сәтбаев университетінің Химиялық және биологиялық технологиялар институты мен University Sains Malaysia арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Профессор Мохамад Насырдың тығыз кестесі оған Алматы қаласының көрікті жерлерімен танысуға кедергі жасамады, қаланың көркем табиғаты, мұражайларымен және «Көк базар» оған естен кетпес әсер қалдырды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту