Сәтбаев Университетіне грантқа оқуға түсу үшін, қанша балл жинау керек?

2019 жылы ҚР БжҒМ Ұлттық бірыңғай тест тапсыру мен білім гранттарына ие болу үрдісіне көптеген өзгерістер енгізді. Мысалы, грант алу конкурсы білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өтті, сондықтан да осы топқа енген мамандықтардың шектік баллдары бірдей болды.
Биыл да былтырғы жылдағыдай техникалық мамандықтарға 11 мың грант бөлінді. Әсіресе ең сирек немесе ең көп сұранысқа ие мамандықтарға түсу қиын болды. Ал қаржылық аналитиктерге арналған «Математикалық экономика мен мәліметтер анализі» атты жаңа мамандыққа түсушілер саны көп болды. Керісінше, еңбек нарығында бағдарламашыларға деген сұраныстың туындауына байланысты «Компьютерлік ғылымдар» мамандығына небары 66 балл жеткілікті болды.
2019 жылдың барлық бағдарламалары бойынша баллды көру
Аты аңызға анйналған Политехтың қабырғасынан талай-талай өнер қырандары да ұшып шыққан. Атап айтқанда, белгілі жазушы Ілияс Есенберлин, атақты альпинист Қазбек Валиев, ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және басқалары. Мұндай талантты жандар өз бойындағы дарындарын дәл осы Политехтың қабырғасында жүріп ашқан болатын.
Сәтбаев Университеті техникалық прогресске қадам басуға жол ашып, үздіктер қатарына шығуға ғана емес, сонымен қатар оқу үрдісін өз қалауыңызша құруға да мүмкіндік береді. Университетке оқуға түскен кезде Сіз белгілі бір бағытты таңдап, сол жылы түскен барлық студенттермен бірге оқитын боласыз. Тек 3-курсқа келген кезде ғана өз бағытыңыз бойынша мамандық таңдап, сол бойынша оқитын боласыз. Оқу жылының екінші семестрінен бастап студенттер өздеріне оқытушыларды таңдап алады да, өзіне ыңғайлы сабақ кестесін құрады.
Грант байқауына қатысу үшін ҰБТ-дан кем дегенде 65 балл жинаған жеткілікті. Бейінді мамандықтарға түсу үшін шектік балл – 5. Сәтбаев Университетінің бейінді пәндері: физика, математика, биология және химия.
Төменде 2019 жылғы білім беру бағдарламаларының баллдары берілген, олар Сіздерге келесі жылы оқуға түсуге дайындалуға көмектеседі.
2019 жылы Сәтбаев университетіне ҰБТ бойынша грантқа түсу үшін болған шектік балл сандары
Білім беру бағдарламаларының атауы |
Білім беру бағдарламаларының топтары |
ҚР бойынша гранттар саны |
СУ гранттарының саны |
Шектік балл |
|
қаз |
орыс |
||||
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі |
195 |
2 |
124 |
114 |
|
В073 Сәулет |
100 |
28 |
104 |
88 |
|
В076 Стандартизация, сертификация және метрология |
300 |
12 |
99 |
65 |
|
В050 Биологиялық және аралас ғылымдар |
640 |
41 |
111 |
78 |
|
В095 Көлік қызметтері |
527 |
13 |
115 |
105 |
|
В063 Электротехника және автоматтандыру |
650 |
149 |
81 |
71 |
|
В058 Ақпараттық қауіпсіздік |
676 |
113 |
95 |
71 |
|
В051 Қоршаған орта |
300 |
20 |
123 |
68 |
|
В057 Ақпараттық технологиялар |
2876 |
255 |
104 |
86 |
|
В059 Коммуникациялар және коммуналды технологиялар |
500 |
41 |
105 |
78 |
|
В060 Химиялық инженерия және үрдістер |
669
|
22 |
65 |
65 |
|
В052 Жер туралы ғылым |
400 |
44 |
96 |
65 |
|
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
2500 |
424 |
65 |
65 |
|
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
1820 |
552 |
65 |
65 |
|
В075 Кадастр және жерге орналастыру |
200 |
55 |
104 |
76 |
|
В065 Автокөлік құралдары |
550 |
55 |
77 |
65 |
|
В061 Материалтану және технологиялар |
300 |
44 |
65 |
65 |
|
В062 Электротехника және энергетика |
1675 |
204 |
78 |
65 |
|
В064 Механика және металл өңдеу |
1953 |
216 |
65 |
65 |
|
В069 Материалдар өндірісі |
200 |
13 |
65 |
65 |
|
Жалпы: |
17031 |
2303 |