Сәтбаев университетіне магистратураға түсу үшін қажетті шектік балл көлемдері
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық негізде оқуға КТ бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура үшін, оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша-кемінде 75 балл;
2) ағылшын тілінде оқытылатын магистратура үшін-кемінде 50 балл.
Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілінде оқытатын магистратураға кешенді тестілеу үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес жүзеге асырылады: кемінде 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдау 2-қосымшаға сәйкес кешенді тестілеу үшін 100 баллдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кешенді тестілеу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады: кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл.
Ақылы негізде магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға кемінде 50 балл, бұл ретте шет тілі бойынша-кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл КТ қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында.