7 ақпан 2019 5672

Сәтбаев университетінің 2018 жылғы спорттық жұмысының қорытындылары

Сәтбаев университетінің 2018 жылғы спорттық жұмысының қорытындылары

31 қаңтар күні ғылыми кеңес залында Сәтбаев университетінің спорттық жұмысы салтанатты түрде қорытындыланды:
Алматы қаласының әкімшілігі жыл сайын қалалық ЖОО арасында өткізетін дәстүрлі «Спорттық Алматы» спартакиадасының 2018 жылы қола жүлдегері Сәтбаев университеті атанды.

2018 жылы Президенттік тест тапсырудың спорттық-бұқаралық шараларының нәтижелері бойынша үздік спорттық институттар мен оқытушылар анықталды. I-орынды Әл-Машани атындағы Базалық білім беру институты иеленсе, II-орынды екі институт бөліп алды: Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты мен Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ  ісі институты. III-орын иегері болып Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс энергетика институты атанды. 
Президенттік тесттерді тапсыру қорытындылары бойынша Геология және мұнай-газ ісі институтының оқытушылары Байсалова Ақмарал, Омарова Гүлнара, Е. Бикенов және Санатбеков Мирас сайыстың жеке түрлерінен ұлттық және президенттік деңгейді орындады.

Түрлі жарыстарда Сәтбаев университетінің туын абыроймен көтеретін үздік спортшылар, жаттықтырушылар кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жеңімпаздар, қалалық, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанғандар: 

Футбол
Сайлау Елжан, ГжМГИ, 4-курс,
Садықов Темірлан, ӨИИ, 4-курс. 
Жаттықтырушы – Сейлов Бағдат Абылқайырович.

Волейбол
Оразбай Азамат, СҚЭИ, 4-курс, 
Төралиева Ақбаян, ЖБИ, 4-курс. 
Жаттықтырушы – Жұпархан Жамбыл.

Баскетбол
Сейдуали Нияз, ӨИИ, 4-курс, 
Жиенғали Саят, СҚЭИ, 4-курс. 
Жаттықтырушы – Путинцев Александр Михайлович.

Үстел теннисі
Әбенбай Анель, АжТТИ, 4-курс, 
Қуаныш Әділет, ГжМГИ, 2-курс. 
Жаттықтырушы – Терещенко Олег Никитович.

Тоғызқұмалақ
Қуанышбаев Ерасыл, ТКМИ, 2-курс, 
Нұрлыбаев Манас, СҚЭИ, 4-курс.
Жаттықтырушы – Джуашев Ермек Уразалиевич.

Мас-рестлинг
Ақылбек Алтын, ХБТИ, 4-курс, 
Шамет Темірлан, ТКМИ, 3-курс. 
Жаттықтырушы – Фитисов Павел Викторович.

Сәтбаев университетінің 2018 жылғы спорттық жұмысының қорытындылары

Сәтбаев университетінің 2018 жылғы спорттық жұмысының қорытындылары

Сәтбаев университетінің 2018 жылғы спорттық жұмысының қорытындылары

Сәтбаев университетінің 2018 жылғы спорттық жұмысының қорытындылары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту