8 ақпан 2019
6574
Сәтбаев университетінің ақылы оқу бөліміне қабылдау басталды
Сәтбаев университеті 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап 2019–2020 оқу жылының бакалавриат бағдарламасы бойынша ақылы оқу бөліміне қабылдауды бастады. Құжат тапсыру үшін ең алдымен kb.kaznitu.kz сайтына тіркеліп, төмендегі құжаттарды электронды түрде жіберу керек:
- Тіркелу туралы өтініш Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры Е.Қ. Бейсембетовтың атына;
- 3х4 көлемдегі фотосурет;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №907 бұйрығы бойынша бекітілген о86-У формадағы медициналық анықтама;
- 2019 жылы ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат, жинаған балл саны 65-тен кем болмау керек.
Оқуға түскен жағдайда осы аталған құжаттардың түпнұсқасын емтихан комиссиясына тапсыру керек. Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (727) 257 71 12.