Ақпарат:

29 қазан 2024 1678

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын және жаңа технологияларды таныстыру үшін қонақтарға есік ашты

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын және жаңа технологияларды таныстыру үшін қонақтарға есік ашты

Әскери іс институтында дәстүрлі Ашық есік күні өтті, оған Сәтбаев Университеті Әскери кафедрасының мүмкіндіктерімен және жұмысымен танысу үшін студенттер мен қонақтар жиналды. Биылғы кездесу өзінің бай бағдарламасымен ғана емес, қорғаныс саласы мен шекара қызметінде қолданылатын жаңа технологияларды тамашалаумен де ерекшеленді.

Жиынға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының өкілдері, сондай-ақ кинологиялық қызмет, өткізу пункттеріндегі инспекция қызметтері мен шекаралық бақылау мамандары қатысты. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының мемлекеттік шекараны бұзушыларды және құқық бұзушылық белгілерін анықтау мен іздеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсетті. Іс-шара барысында қонақтар кинологтардың жұмысын тамашалады, олар өз кезегінде қызметтік иттердің тыйым салынған заттарды іздестіру және тәртіп бұзушыларды анықтау шеберліктерімен таныстырды.

Әскери іс институты бастығының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Қайрат Байымбетов мұндай кездесулердің студенттерге үлкен ықпалы барын, олардың туған елінің белсенді патриоты болып қалыптасуына ықпал ететінін өз сөзінде баса айтып өтті:

– Әскери-патриоттық жұмыс – қазақстандық патриотизмнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», – деді басшының орынбасары. – Студенттерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу үшін, бүгін біз қару-жарақ пен әскери техниканы көрсеттік, сондай-ақ Ұлттық ұлан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және әуе шабуылы әскерлерінің өкілдерін шақырдық.

Курсанттар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен артиллериялық қондырғыларды, қару-жарақ техникасын және онымен жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Әсіресе ұшқышсыз ұшатын заманауи аппараттарды тамашалау сәті ерекше қызығушылық тудырды, олар барлау және бақылау жұмысының мүмкіндіктерін көрсетті. Жиынға қатысушылар шекараларды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ болуы мүмкін ықтимал қауіптерді анықтау мен оларды жою үшін бұл технологиялар қалай қолданылатынын көрді.

Жиын соңында қонақтар Әскери іс институтын аралап, оқытушылармен өзара қарым-қатынас жасады, оларға өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, тиісті жауап алды. Бұл жауаптар талапкерлер мен олардың ата-аналарына болашақ офицерлерді даярлау туралы толық мағлұмат берері сөзсіз.

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын және жаңа технологияларды таныстыру үшін қонақтарға есік ашты

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын және жаңа технологияларды таныстыру үшін қонақтарға есік ашты

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын және жаңа технологияларды таныстыру үшін қонақтарға есік ашты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту