16 ақпан 2021 4691

Сәтбаев университетінің Әскери істер институтына оқу үшін өтініштерді қабылдау басталды

Сәтбаев университетінің Әскери істер институтына оқу үшін өтініштерді қабылдау басталды

Сәтбаев университетінің Әскери істер институтында запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламасы бойынша оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін студенттерден өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Сәтбаев университетінің студенттерін оқыту ақысыз негізде жүргізіледі. Басқа ЖОО-ның (Қазақ-Британ техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті және Қазақ инженерлік -технологиялық университеті) студенттерін оқыту ақылы негізде жүргізіледі.  

Запастағы офицерлер  бағдарламасы бойынша оқу үшін өтініштер бірінші курс студенттерінен (4 жыл оқыту) және екінші курс студенттерінен (5 жыл оқыту) қабылданады.

Запастағы сержанттар  бағдарламасы бойынша оқу үшін өтініштер бірінші және екінші курс студенттерінен (4 жыл оқыту) және бірінші, екінші және үшінші курс студенттерінен (5 жыл оқыту) , сонымен қатар колледжді бітіргеннен кейін ЖОО-ның екінші курсына қабылданған студенттерден, Қазақстан Республикасының жасы 24-тен аспағандардан қабылданады.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Байтұрсынұлы к-сі., 140 (Тимирязев к-сі қиылысы). Сұрақтар бойынша мына телефонмен хабарласыңыз: 8(727) 292-40-23; 292-00-87; 292-64-53 (әскери кафедра бойынша кезекші).

Өтініштерді қабылдаудың мерзімі 2021 жылғы 15 шілдеге дейін

Өзімен келесі құжаттары болуы тиіс:

1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
2. Жігіттер үшін тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі).
3. Көлемі 3х4   1 (бір) фотосуреті.
4. Сотталмағаны туралы анықтама.
5. Спорттық жетістіктерін (болған жағдайда) куәландыратын құжат.
6. Факультет деканы қол қойған, студенттің ЖОО-да оқитынын растайтын анықтама.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту