Сәтбаев Университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті
Үстіміздегі жылы 14 желтоқсан күні Сәтбаев Университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік іс-шара қазақ халқының тәуелсіздігі мен оның сан ғасырлық тарихындағы мыңдаған ерлігіне арналды!
Мерекелік жиында университет ректорының кеңесшісі, «Ақсақалдар алқасының» төрайымы, университеттің кәсіподақ комитетінің мүшесі Ұлықпан Сыдықов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Шолпан Өмірзақова және кәсіподақ комитетінің мүшесі Күләш Нұрпейісова сөз сөйлеп, университет ұжымы мен кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтады және еліміздің тәуелсіздігіне сіңірген еңбектері үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кәсіподақ мүшелері Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және салалық ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтқанда, Менаяков Қанат Түгелұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, ал Шәмсінұр Ниязова мен Күлайым Мұстафина Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Мерекеге орай кәсіподақ мүшелеріне сыйлықтар табыс етілді – 30 сыйлық жинағы және демалыс үйлері мен санаторийлерге 30 тегін жолдама берілді.
Кәсіподақ ұйымдары тәуелсіздік үшін күресте маңызды рөл атқарды, ал бүгін Сәтбаев Университеті бұл салада жаңа қадамдарға аяқ басуда.