11 қыркүйек 2023 1761

Сәтбаев университетінің бірінші курс студенттері А. Байтұрсынов атындағы мұражай-үйінде болды

Сәтбаев университетінің бірінші курс студенттері А. Байтұрсынов атындағы мұражай-үйінде болды

5 қыркүйек Ұлт ұстазы, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні. Аталмаш шараға орай университетіміздің студенті атанып, енді ғана университетіміздің табалдырығын аттап, білім шыңын бағындыруға қадам басқан университетіміздің бірінші курс студенттерімен бірге кафедрамыздың профессоры Досалы Исаханұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйде болып қайтты.

Шара барысында, студенттеріміз Ұлт ұстазының ескерткішіне тағзым жасап гүл шоқтарын қоюмен қатар, мұражай-үйдегі тарихи жәдігерлерді, ұлт ұстазының түпнұсқадағы еңбектерін және қолданған заттарын көріп, көптеген мағлұматтар алумен бірге, тәлімдік-тәрбиелік мол рухани байлық алып қайтты деп ойлаймыз.

Ұлт ұстазының дүнииеге келген күнін атап өту мерекесінде университетіміздің профессоры Досалы Исаханұлына Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні – 2023» іс-шарасын жоғары деңгейде өткізуге елеулі үлес қосқаны үшін Алматы қаласы музейлер бірлестігінің Алғыс хаты табысталды.

Первокурсники Satbayev University посетили дом-музей имени А. Байтурсынова

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту