Сәтбаев Университетінің делегациясы мен Павлодар облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Сәтбаев Университеті мен Павлодар облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум шарттарына сәйкес, тараптар оқу - әдістемелік кешендерді бірлесіп әзірлеу және басып шығару, сонымен бірге келісім шеңберінде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, университеттің зерттеулерін ілгерілету және іске асырылатын болады.
Құжатқа сәйкес бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауды көздейді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін бағдарламалар ұйымдастырылады. Қосдипломды білім беруді жүзеге асыру және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігі бар. Осылайша, Павлодар облысында университеттің технологиялары мен зерттеу нәтижелерін ілгерілету, сондай-ақ оларды іске асыру қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, сапар барысында делегация Торайғыров университетіне барып, біздің сарапшыларға университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелері мен бизнес идеяларын таныстырды.
Біздің мамандар кітапхананың, IT-HUB, ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары, энергетикалық және инженерия факультеттерінің зертханаларының жұмысымен танысты.
Кездесуге қатысушылар сапарды B2B форматында жалғастырып, өзара ынтымақтастық қағидаттарына, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, оның ішінде Павлодар облысының кәсіпорындары мен әкімдігіне және оларды коммерцияландыруға тиімділігін атап өтті.