Сәтбаев Университетінің ер азаматтары университеттің аруларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Халықаралық әйелдер күні – біздің университетіміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Сәтбаев Университетінде ақылды, ынталы, белгілі бір мақсатқа ұмтылған арулар мен қыздар жұмыс істейді және оқиды. Әйелдер отбасының күнделікті тіршілігі мен өздерінің негізгі жұмыстарын қатар жүргізіп келеді, табиғи нәзіктігіне қарамастан, аса жоғары жауапкершілікті мойындарына алып, еліміздің ғылымын дамытуға еселі үлес қосып, кәсіби әдептілік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін көрсетуде.
Әйелдер қауымының университетке сіңірген еңбегін жоғары атап өтіп, ішкі ризашылығын білдіру үшін Сәтбаев Университетінің басшылығы мерекелік іс-шаралар бағдарламасын жоспарлап отыр. Соның бірі – «Қазақстан Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының әйелдер қауымын құттықтауы болды.