22 ақпан 2023 2648

Сәтбаев Университетінің форсайт бағдарламасына қосылыңыздар!

Сәтбаев Университетінің форсайт бағдарламасына қосылыңыздар!

Сәтбаев Университетінде қаңтар айында өткен соңғы форсайт сессиясында жасалған жобалардың тұсаукесер рәсімі 17 ақпан күні өтті. Тұсаукесер сәтті өтті, енді 20 ақпаннан бастап университет сол сессиялар барысында жасалған жобаларды жүзеге асыруға кірісуде.

Бұл жобалардың барлығы қазіргі әлемнің бір бөлігі ретінде Сәтбаев Университетінің де алдында тұрған жаһандық өзгерістерді болжауға арналып әзірленген. Автоматтандыру, цифрландыру, жасыл экономика, жүйелердің күрделенуі сияқты жаһандық үрдістер, өзгерістер нарық ойыншыларының алдына елеулі талаптар қояды және ойын ережелерін де өзгертеді. Форсайт-сессия ұжымдық болашақты болжау құралына айналды – яғни Сәтбаев Университеті 2040 жылға қарай қандай болатынын болжайды.

Сессия барысында қатысушылар білім және ғылым саласындағы басым жобалардың қысқаша тізімін жасады, атап, айтқанда, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі жөнінде жасалған жобалардан бастап, ғылымға әсер етушілер (инфлюенсир) мектебі жөніндегі жобаларға дейін қамтылып отыр. Кез келген оқытушы мен студенттердің әрқайсысы осының ішінен ең жақсы жобаны таңдап, сонымен айналысып, ғылымға өз үлесін қоса алады.

Сонымен, бізге қосылыңыздар!  Ол үшін WhatsApp: +7 705 441 6360 номерге жазыңыздар!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту