Ақпарат:

9 қаңтар 2024 3595

Сәтбаев университетінің ғалымдары мыс рудаларын өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеуде

Сәтбаев университетінің ғалымдары мыс рудаларын өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеуде

Сәтбаев Университетінің профессор Бағдәулет Кенжалиев басқаратын Металлургия және байыту институтының ғалымдары мыс өндіру және осы саладағы экологиялық жағдайды жақсарта алатын мыс кендерін өңдеу технологиясын ойлап тапты.

«Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің қызметкерлері мен аталмыш институттың ғылыми қызметкерлерінің бірлескен күшімен Ванюков пешінің өнімділігі 1,5–2 есеге артты. Автогенді балқыту технологиясы жаңа ПВ-2 пеші өндіріске пайдалануға енгізілуімен «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінде қолданылатын жалғыз технология болып отыр, осы технологияның көмегімен Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың жартысына жуығы өндіріледі. Бұл БТКМК-да катодты мыс өндірісін жылына шамамен 200 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Ванюков пештерінде шикізаттан мыс алуды арттыруға бағытталған балқыту технологиясын жетілдіру, оның ішінде екі аймақтық Ванюков пешінде күкірт мыс концентраттарын үздіксіз балқыту технологиясын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Осы технологияны енгізудің арқасында жылына қосымша 2000 тоннадан астам мыс алуға болады. Сонымен қатар үйінді қалдықтарын шығаруды азайту арқылы зауыт орналасқан жердегі экологиялық жағдайды жақсартуға болады, бұл өз кезегінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаға бас ғылыми қызметкер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтанбек Қожахметов пен зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Сергей Квятковский жетекшілік жасап жүргізуде.

Ученые Satbayev University ведут работы по разработке инновационной технологии переработки медных руд

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту