Ақпарат:

13 наурыз 2024 2100

Сәтбаев Университетінің ғалымдары радиоактивті қалдықтарды тазарту технологиясымен айналысуда

Сәтбаев Университетінің ғалымдары радиоактивті қалдықтарды тазарту технологиясымен айналысуда

Сәтбаев Университетінің Инженерлік бағыттағы зертхана базасында радионуклидтермен ластанған ағынды суларды тазартудың отандық технологиясын жасауда. Қауымдастырылған профессор Кеңес Құдайбергеновтің жетекшілігімен жас ғалымдар Махаббат Құнарбекова, Ұлан Жантикеев, Ина Зантикеев, Инабат Сапарғали және Лаура Сеймұханова су көздерінен радиоактивті элементтерді бөлу үшін сорбент алуды ұсынады. Ал сорбентті ауыл шаруашылық қалдықтарының биомассасынан алуды ұсынады. Мұндай сорбентті ядролық медицинада (қатерлі ісік ауруын емдегенде) қолдануға болады, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізгеннен кейінгі нысандарды тазартуға және атом энергетикасы кәсіпорындарында қолдануға болады.

Сүзгі жүйесін әзірлеу белсендірілген көмірдің ластанған сарқынды сулардан радионуклидтерді сүзіп алғыш қасиеттеріне негізделген. Сорбентті алу үшін ауыл шаруашылығының лигноцеллюлозаға бай қарапайым қалдықтары қолданылады, атап айтқанда: грек жаңғағы, күріш қауызы және қарақұмық қауызы. Күкіртпен, азот, күміс және ферроцианидпен түрлендірілген бұл материалдың құрамында осы радионуклидтерді сүзіп алатын белсенді орталықтар бар. Ауыл шаруашылық қалдықтарының биомассасын көмірқышқылды материалдар мен белсенді орталықтарға айналдыру арқылы әмбебап сорбент алуға болады.

Гидротермиялық синтез, пиролиз және кейіннен белсендіру жолымен алынған сорбенттің бетінің ауданы 1500 м2/г-ден асады, әрі ол микро- және мезокеуектілікке ие болып шығады да, радионуклидтердің концентрациясын бір циклде 70%-ға төмендетіп, рециркуляциялық режимде кең рН диапазонда жұмыс істейді.

Бұл технология ядролық қалдықтарды басқаруды жақсартуға және сарқынды суларды радиациялық ластанудан қорғауға көмектеседі. Әрі мұндай зерттеу нәтижелерінің халықаралық маңызы өте зор, өйткені қаралып отырған мәселелердің жаһандық маңыздылығы да өте зор.

Нәтижесінде ғалымдар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық қауіпсіздікке кепілдік беретін үнемді технологияға ие боламыз деп күтуде.

Ученые Satbayev University работают над технологией очистки радиоактивных отходов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту