Сәтбаев Университетінің ғалымы таза энергия шығындарын азайтудың амалдарын қарастыруда
Сәтбаев университетінің ғалымы сіңіргіш қасиеті бар фотоэлектрлік материалдардың құнын төмендететін сүрме селенидінің жұқа қабықшаларын синтездеудің жаңа әдістерін жасауда. Сүрме селениді күн энергиясын электр энергиясына айналдыру үшін белсенді жарық қабаты ретінде қолданылады. Керемет оптоэлектрондық қасиеттеріне байланысты сүрме селениді күн батареялары мен аккумуляторларда, жарықдиодты шамдарды, фотодиодтарды және фотодетекторларды және т.б. өндіру үшін белсенді қолдануылады.
Синтездің әртүрлі әдістері, соның ішінде сұйық фазадан тұндыру әдісі де бар, алайда олардың көпшілігінің кемшіліктері бар, бұл кемшіліктер бастапқы пленкалардың төмен сапасынан және өндіріс құнының жоғары болуынан байқалады.
«Біздің технология басқа ұқсас технологиялармен салыстырғанда жоғары сапалы және арзанырақ материал алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың қажетті жартылай өткізгіштік қасиеттері өзінде сақталады», – дейді Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының фотоэлектрлік құбылыстар мен құрылғылар зертханасының меңгерушісі, PhD докторы Айгүл Шонғалова,
Сүрме селенидтерінің жоғары сапалы құрылымдарын жасап шығару бүкіл әлемде сұранысқа ие болып отырған осы материалдың өнеркәсіптік өндірісін жақсартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде күн энергиясының қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Тәжірибеден бөлек, бұл жоба сонымен қатар осы материалдардың тор динамикасын теориялық негізде зерттеуді де қамтиды, сөйтіп материалдардың молекулалық деңгейдегі жылулық және тербеліс қасиеттерін түсінуге мүмкіндік береді.