Сәтбаев Университетінің Ғылыми кеңесі университетте ғылымды дамытудың нақты жоспарларын құруда
28 сәуір күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ғылыми кеңесі өтті. Кезекті отырыста қаралған университеттің жаңа 2022–2023 оқу жылының бағдарламалары мен ғылыми қызметіне арналған мәселелер қаралды.
Жиналғандар Ғылым департаментінің директоры Жәнібек Бақтығалидың «2021 жылғы ғылыми қызмет туралы: нәтижелері, проблемалары, 2022 жылға арналған міндеттері» атты баяндамасын тыңдап, көпшілік көтерген мәселелерді талқылады. Ғылыми кеңес мүшелері университеттегі ғылыми жұмысты жандандыруға бағытталған көптеген нақты ұсыныстар айтты.
Ғылыми кеңес мүшелері сонымен қатар 2022–2023 оқу жылына арналған Жұмыс оқу жоспарларын, жаңа білім беру бағдарламаларын бекітті және өзектілігін жойған кейбір білім беру бағдарламаларын алып тастауды ұйғарды. Жаңа білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласына сәйкес жасалды.