16 қазан 2025
155
Сәтбаев университетінің ғылыми кітапханасы сіздерді жыл сайынғы Library Fest 2025 фестиваліне шақырады

17 қазанда Сәтбаев атындағы университеттің ғылыми кітапханасы жыл сайынғы «Library Fest 2025» фестивалін өткізеді.
Фестиваль бағдарламасына мыналар кіреді:
- Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара. Өтетін орны мен уақыты: GMK фойесі, сағат 10:00.
- Қазақ эстрадасының аңызы, «Той жыры» әнінің авторы, академик, профессор, университетіміздің түлегі Ұлықпан Сыдықовтың қатысуымен «Алау сезім» атты шығармашылық кеш өтті. Өткізілетін орны мен уақыты: ГМК, 207, 11:00.
Сондай-ақ, мәдениет қайраткерлері, жазушылар, ақындар, студенттер және Сәтбаев университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен Алматының жетекші баспаларының кітап көрмесін тамашалаңыз.
Келіңіздер, рухани орта мен тамаша шығармашылық атмосферада кездесейік!