Сәтбаев Университетінің химиктері таңқаларлық табысқа қол жеткізді
«Thomson Reuters» базасына кіретін және 4.058 импакт-факторына ие жоғары рейтингті «Успехи химии» ғылыми журналында Химиялық және биологиялық технологиялар институтының профессоры А.Г. Зазыбин мен сениор-лектор Х.С. Рафикованың метал құрамды иондық сұйықтықтарды зерттеуге арналған бірлескен мақаласы басылып шықты.
2013 жылдан бастап Қазақстан үшін бірегей, жаңа иондық сұйықтарды синтездеу мен оларды биологиялық активті заттар және катализатор ретінде қолдану Сәтбаев университетінің «Химиялық заттар мен полимерлердің химиялық технологиясы» кафедрасында профессор А.Г. Зазыбин мен сениор-лектор Х.С. Рафикованың жетекшілігімен жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда металл ионды сұйықтықтар химиктер мен инженерлердің қызығушылығына ие болып отыр. Металл негізіндегі иондық сұйықтықтар каталитикалық жүйе және химиялық реакцияларда орта ретінде қолданылады, өз кезегінде аталған катализаторлар көптеген түрлі қосылыстарды синтездеуге пайдаланылады, олар тек жоғары белсенділік пен селективтілікке ғана ие емес, сонымен қатар өте тұрақты болып келеді.
Иондық сұйықтықтар ерекше қасиеттерге ие, олардың басты қасиеттері: ұшпайды, жанбайды, жақсы ериді және жоғары тоқ өткізгіш. Қолданыстағы дәстүрлі органикалық еріткіштермен салыстырғанда, олар қоршаған ортаға минималды түрде зардап тигізеді және «жасыл» химияның негізгі талаптарына сай болып келеді.
«Metal-containing ionic liquids: current paradigm and applications» мақаласын келесі сілтемеден таба аласыз.