Ақпарат:

20 тамыз 2019 6170

Сәтбаев университетінің Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтында жаңа директор

Сәтбаев университетінің Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтында жаңа директор

Үстіміздегі жылы 22 тамыз күні Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының ұжымы жаңа директор Нұргүл Сейловамен танысты.

Нұргүл Сейлова – Сәтбаев университетінің түлегі, еңбек жолын 2001 жылы есептеу техникасы мен ақпаратты қорғау саласы бойынша оқытушылық қызмет етуден бастаған болатын. 2010 жылы осы сала бойынша кандидаттық диссертация қорғап, 2013 жылы Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының оқу-әдістемелік қызметі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. 2014 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі, қазір ол «Киберқауіпсіздік, ақпараттық өңдеу және сақтау» кафедрасы деп аталады.

Нұргүл Сейлова – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша типтік және білім беру бағдарламаларын жасаушылардың бірі. Оқу құралдарының, әдістемелік құралдар мен 40 астам ғылыми жарияланымдардың, сонымен қатар халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда оқылған баяндамалардың авторы. Ол жарияланымдардың барлығын ҚР БжҒМ Ғылым комитеті ұсынған және көпшілігі шетелдік журналдарда (РИНЦ, Scopus) жарық көрген. Сондай-ақ бірнеше ғылыми жобалардың, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру жобаларының авторы. «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Нұргүл Абадуллаевна институттың келер жылдардағы міндеттері мен жоспарлары туралы айта келе, былай деді:

– Біздің негізгі міндетіміз – ақпараттық технологиялар бойынша Қазақстанда ең үздік жетекші жоғары оқу орны атану. Ол үшін біз қазірден бастап жоспар құрып, сол жоспар аясында отандық экономикаға, бизнес пен ғылымға қажетті жоғары білікті мамандар даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырамыз. Біз оны қалай жасаудың жолдарын білеміз, өйткені біз ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша алдыңғы қатарлы ең үздік команда болып табыламыз.

Таныстыру рәсіміне университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков қатысып, жаңа директорға еңбекте табыс тіледі. Ал Нұргүл Сейлова өз кезегінде университет басшылығына алғыс айтып, сенім білдіргендеріне ризашылық танытты. Институт ұжымы да жаңа директорды қуанышпен қарсы алды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту