Ақпарат:

9 маусым 2020 4944

Сәтбаев университетінің кітапханасы кітап қабылдау үшін ашық

Сәтбаев университетінің кітапханасы кітап қабылдау үшін ашық

Ғылыми кітапхана қарыз оқырмандардан (жұмыстан шығу, оқуды аяқтау, оқуды ауыстыру себепті) кітаптарды 2020 жылдың 08 маусымынан бастап қабылдайтынын хабарлайды.

Коронавирус індетінің таралуын болдырмау жөніндегі шараларды сақтау қажеттілігіне байланысты кітаптар Тіркеуші кеңсесінің ғимаратында қабылданады. Жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Қарызыңыздың бар-жоқтығын күнібұрын өздеріңіздің жеке кабинетіңізден немесе Whatsapp арқылы тексеріп алуларыңызды сұраймыз:

+7-705-129-02-02 – Оразгулова Дария Сахановна
+7-777-705-02-60 – Шалабаева Райгуль Султангазыевна
+7-775-451-33-59 – Жобалаева Шынар Габдулманаповна

Басқа облыста тұратын студенттер кітаптарды Қазпочта арқылы немесе жеткізілімнің басқа қызметтері арқылы мына мекенжайға жібере алады: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, ҚазҰТЗУ, Ғылыми кітапхана немесе қалада тұратын туыстарыңыз бен достарыңыз арқылы беруге болады.

Таныс адамдардан жіберілген кітаптарды пакетке салыңыз (аты-жөні, курсы, институты, кітаптар тізімі, байланыс телефоны немесе электрондық пошта).

Университетте жұмысын және оқуын жалғастыратын оқырмандарға кітаптарды қайтару оқу жылы басталғанда ғана қабылданатынын ескертеміз. Сонымен қатар оқу және ғылыми әдебиеттерге қол жетімділік шектеусіз түрде Электрондық каталог арқылы жүзеге асырылады.

Университетке кіру тәртібі жөніндегі нұсқаулық

Ғылыми кітапхана әкімшілігі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту