Сәтбаев Университетінің командасы “League of Chemist's» ойын жарысында жеңіске жетті
Жыл сайын өткізілетін League of Chemist's интеллектуалды ойындар жарысында Сәтбаев Университеті студенттерінен құралған «Последний заезд» командасы жеңіске жетіп, Гран-при сыйлығына ие болды. Бұл жылғы ойын жарысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Химия факультеті ғимаратында өтті.
Жеңімпаз команда мүшелері: Оңғалиұлы Мақсат (капитан), Аманжол Үмітжан, Дармен Назым, Мұсағалиева Мадина, Нұрмұханов Әлімжан және олардың жетекшісі, Химия және биохимиялық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нақан Ұлантай жарысқа қатысқан 9 команданың ең үздігі атанып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің, Абай атындағы ҰПУ-тің өкілдерін жеңіп шықты.
Ойын жарысын ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Химия және технология факультеті www.kaznu.kz. Ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларынан құралған әділ қазылар алқасы жарысқа баға берді.
Сонымен, жеңімпаздарды тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!