6 маусым 2023 3393

Сәтбаев Университетінің командасы республикалық универсиадада жүлделі орындарды иеленуде

Сәтбаев Университетінің командасы республикалық универсиадада жүлделі орындарды иеленуде

Ақтау қаласында Қазақстанның XII жазғы Универсиада ойындары өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Жеңіл атлетикадан жарыс аяқталып, әйелдер командалары арасында бірінші орынды, жастар командалары арасында үшінші орынды Политех командалары жеңіп алды! Жалпы есепте жеңіске жетумен қатар, спортшылар жеңіл атлетиканың әр түрлері бойынша жеңіп алған 21 медальді де алып келді.

Әйелдер құрама командасының капитаны Снежана Колесникова жарыстан алған әсерімен бөлісті:

– Бізді ең айқай-шулы және өз-өздеріне ең сенімді команда деп санады, ал біз өтіп жатқан жарыстардан жай ғана ләззат алдық. Бәсеке күшті болды, Қазақстанның көптеген чемпиондары қатысты, дегенмен де біз бәрібір жеңіп шықтық. Мен команда мүшелерінің әрқайсысын мақтан тұтамын, өйткені олар аз ғана уақыт дайындықтың өзінде күтпеген нәтижелерге қол жеткізді. Бұл үшін бапкерлеріміз Юрий Фролов пен Игорь Девятьяровқа алғыс айтуымыз керек. Жастар барлық жарыстарда да сынға түсті, олардың оттай жанған көздерінен бұл соңғы жеңіс емес, бұл – біздің ортақ жолымыздың бастамасы ғана дегенді түсінуге болады. Біз үшін бұл – үлкен тәжірибе және өз бетіңше өмір сүрудің жаңа мүмкіндіктерін меңгеру. Осындай жарысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін Политехқа мың алғыс!

Жарыс екі күнге созылды. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 3 маусым күні өтті. Университетте жеңіл атлетика секциясы жоқ, ал президенттік көпсайысты жарыс секциясы бар.

 

Сәтбаев Университеті құрама командасының нәтижелері:

Жеке есеп

1-орын – Анастасия Медушенко, 100 м-ге кедергілермен жүгіру

1-орын – Анастасия Медушенко, 400 м-ге кедергілермен жүгіру

 

2-орын – Ерғали Ережепов, диск

2-орын – Матвей Коротков, кедергілермен жүгіру

2-орын – Снежана Колесникова, диск

 

3-орын – Данияр Алькенов диск

3-орын – Нигмат Успанов, тоқпақ

3-орын – Жайна Утегенова, 200 м-ге жүгіру

3-орын – Асхат Алина, тоқпақ

3-орын – Снежана Колесникова, ұзындыққа секіру

3-орын – Нұрасыл Ертөлеу, ұзындыққа секіру

3-орын – Ерлан Тілек, кедергілермен жүгіру

3-орын – Диана Жанұзақова, 400 м-ге жүгіру

 

Командалық есеп

Сәтбаев Университетінің командасы: Анастасия Медушенко, Снежана Колесникова, Диана Жанұзақова, Фатима Тұрғанова, Жайна Өтегенова.

22-орын – 400 м-ге эстафетада

3-орын – 100 м-ге эстафетада

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту