20 наурыз 2018 6148

Сәтбаев университетінің қызметкерлері алғысқа бөленді

Сәтбаев университетінің қызметкерлері алғысқа бөленді

Үстіміздегі жылдың 1 наурыз күні Сәтбаев университетінің бір топ студенттері мен қызметкерлері Түрксіб аудандық мүгедек балаларды сауықтыруға арналған күндізгі орталыққа барып, балалар мен олардың ата-аналарына қуанышты мереке күнін сыйлап, көптеген сыйлықтарды тарту етті. Сондай-ақ балалармен нешетүрлі ойын ұйымдастырып, би билеп, ән салды. Ал орталықтың директоры А. Иманбаева өз атынан және балалар атынан университет ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс хат жіберді:

«Түрксіб аудандық мүгедек балаларды сауықтыруға арналған күндізгі орталық ұжымы мен ата-аналар атынан университет басшылығына, Ғылыми кітапхананың қызметкері Сәрсебекова Алтынгүлге, Тәрбие ісі жөніндегі департамент қызметкері Рахимдилдаева Алмаға, сондай-ақ 1–3-курс студенттері  Бейсенова Перизат, Уасов Бағдат, Қалдыбеков Әділет, Төлегенова Назеркеге мол алғыс жариялаймын. Алғыс айту күні балаларға сыйлаған қуанышты мереке мен қызықты ойын-сауық үшін, көрсеткен мейірімдеріңіз бен жасаған жақсылықтарыңыз үшін мың да бір рахмет! Университет одан әрі гүлдене берсін!»

Көктемнің алғашқы күні тек балаларға ғана емес, үлкендерге де жылы шуағын төгіп, мейірім мен шапағат нұрын шаша түсті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту